Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 21 Желтоқсан 2020

Алматы облысында басты тасжолдардың бірі жабылды

None
None

Алматы облысындағы Алматы-Өскемен тасжолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды, — деп хабарлайды  өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

2020 жылдың 21 желтоқсан сағат 07.00-ден бастап ШҚО-дағы автожолдардың ауа райының қолайсыздығына — қар, бұрқасын, көрудің нащар болуына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды. (558-615 шақырым аралығы, Үшарал-ШҚО шекарасы). 

Алматы облысының ТЖД тұрғындардан осы бағытта жол жүрмеуді және 112 қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шығар алдында ауа райымен танысып, төтенше жағдайларда көмектесетін барлық затты өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек.

Тегтер: