Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

13.04.2020, 18:46

6

Жеті баланың анасы Қарасай аймағындағы бақылау-өткізу пунктінде жоғалып кетті, — деп хабарлайды Kaskelenkz.
Алматы облысында жеті баланың анасы жоғалып кетті.  1985 жылы туған Қапшағай қаласының тұрғыны Қарасай ауданындағы бақылау-өткізу пунктіне келген.

Бұл туралы  әлеуметтік желідегі парақшасында парақшасында «NeMolchi.kz» қорының жетекшісі Диана Тансары да жазып отыр. 

 «Бізге Қапшағай қаласының тұрғыны 1985 жылы туған Мариям Джуманованың туыстары хабарласты.  Ол 7 сәуірде жұмыстан шығып, Қарасай ауданы, Теректі ауылына келініне барған. Блок бекеттегілер оны бақылау бекетінен жібермеген. 40 минуттан кейін келіні кездесуі керек жерге келеді, бірақ Мариям ол жерде болмай шыққан», — дейді Диана өз жазбасында.

«NemolchiKz» басшысының айтуынша, Мариям өткізу бекетіне барғанда ұрыс-керіс болған, өйткені оған өтуге рұқсат берілмеген. Сондықтан кезекші видеоны көрсеткен. Осы бейненің арқасында туыстары жоғалған адамның соңғы рет қай жерде болғанын анықтаған. 

«Кезекшінің айтуынша, Мариям түрік ұлтының өкілі тәрізді біреумен бірге кетіп қалған. Ол бекетте 7 сәуірде сағат 16:00 де болған», — деп жазады Диана.

Алматы полиция департаменті оқиға қалай болғанын түсіндірді.  Джуманова Мариямның із-түзсіз жоғалғаны туралы полицияға арыз 11 сәуірде түскен. Туыстары тәртіп сақшыларына әйелдің 7 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткенін және оның соңғы рет Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағындағы бақылау-өткізу бекетінде болғанын хабарлаған. 

 «Алғашқы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жоғарыда келтірілген мәліметтер расталды. Осыған байланысты іздестіру ісін Қарасай аудандық полиция бөліміне беру туралы шешім қабылданды. Онда Джуманованың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел және арнайы іс-шаралар өтеді»  дейді полиция бөлімінің мамандары.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16