Алматы облысында браконьерлермен күрес күшейтілген
Браконьерлікке қарсы заң да, күрес те жылдан-жылға күшейтіліпжатқанымен заңсыз аң-құсатып, балық аулайтындарға тыйым болмай тұр.
Әсіресе табиғаты әсем, қойын-қонышы табиғат ананың сыйы –түрлі аң құсқа толы Алматы облысында қаскөйлер айласын асырып қалуға тырысатыны байқалуда. Әйтсе де Алматы облысының полициясы броконьерлермен күрес тәсілін күшейтіп, қылмыстың алдын алу жолдарын барынша қарастыруда.
Мәселен, жақында Алматы облысында полиция құны 360 млн теңге болатын ірі броконьерлік қылмысты әшкерелеп, киік мүйізін тәркіледі. Алматы облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқандардың жолы кесілді. Осы қылмысқа орай Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов «Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасының барысында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша мемлекетке келген шығын 360 млн теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүруде», – дейді. Бүгінде мүйіздердің қайдан алынғаны анықталып жатыр. Бірақ одан шығынның орны толмасы анық.
Осы орайда атап өтсек, өткен ғасырдың 60-80-ші жылдарында елімізде ақбөкендердің саны миллионнан асқан көрінеді. 40 жыл бойы ақбөкен ресми аңшылық кәсіптің нысанына және ел экономикасы үшін табыс көзіне айналған. Дерекөздерге сенсек, осы жылдар ішінде 5,5 миллион ақбөкен ұсталып, 90 мың тонна ет, екі миллион шаршы метрге жуық өте бағалы былғары және таза экспорттық өнім 250 тонна мүйіз алыныпты. Ал сол өнімдерді өткізуден түскен жылдық табыс миллиондаған АҚШ долларын құраған. Бір өкініштісі кейін киіктердің күрт азаю көрсеткіші байқалған. Ал қазіргі таңда Қазақстанда киіктерді қорғауға қатысты қолданылған мемлекеттік шаралардың арқасында олардың саны жылдан-жылға артып келеді. Негізі елімізде киіктер үш аймақта өмір сүреді. Кейбір деректерге сенсек, Бетпақдала тобында 25-30 мың шамасында, Үстірт тобында 2 мыңға жуық, ал Жайық тобында 51 мыңдай ақбөкен өмір сүреді екен. Алайда броконьерлердің нысанасына ілігудің салдарынан олардың азаю қаупі де бар. Сондықтан еліміздің полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және табиғатқа жанашырлық танытуға шақырады.
Саятшылық құруға ниет еткен тұрғындар қолданыстағы заңға сай тиісті құжаттар мен рұқсаттарды алып және қаруды сақтау, тасымалдау тәртібін ескеруі қажет.
Олардан қорғау үшін еліміздің мамандары «браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, барынша қолда бар қазынамызды сақтап қалуға тырысуда. Аталмыш шара аясында талай броконьердің жолы кесілгенін ескерсек, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының маңызы зор екенін түсінеміз.
Алматы облысы аумағында браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жиі өткізіліп тұрады.