01.04.2020, 15:29
67
БүгінАлматы көпсалалы клиникалық ауруханада 29 ақпан күні дүниеге келген үшемдерді үйіне шығарды.Галымжан, Рахымжан және Мейіржан есімді ұл балаларды анасымен бірге үйінеаталған аурухананың жедел жәрдем көлігімен жеткізді.
Үшұлдың анасы 31 жастағы Лаззат Қаланова Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалыауылының тұрғыны. Үшемнің анасы 11ақпаннан бастап Алматы көпсалалы клиникалық аурухана дәрігерлерінің бақылауынаалынған. Алматы көпсалалы клиникалықауруханасының директоры Молдакулов Жұмахан Мұқашұлы:
«Қазірүш ұлдың анасы мен балалардың денсаулықтары жақсы. Біздің ауруханаға 11 ақпан күні жоспарлытүрде жатқызған болатынбыз. Жүктіліктің 31 аптасында кесір тілігін жасау арқылыүш ұл яғни, 29 ақпан күні (1931,0 гр.Бойы 41см, 2030,0 гр, бойы 44см, 1915,0 гр, бойы 45см) дүниеге келді. Бұлжағдайды Денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды. Алматыоблысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ 8 наурыз күні арнайы келіп, үшемдердің анасын мерекесіменқұттықтаған болатын»,-деді.
Үшемдерүйіне келгенге дейін Қарғалы ауылындағы аудандық аурухана қызметкерлері үйдедезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар отбасы мүшелеріне алгаритмгесай дезинфекциялауды үйретті. Алистановтар отбасына аталған ауруханадан арнайыдезинфекцияға арналған құралдар, жеке қорғаныс құралдары( антисептик, маскалар)берілді.
Қарғалыауылындағы аудандық аурухананың директоры Сагеев Сертай Сейфуллаұлы:
«Қарғалы ауылдықокругінің әкімі Д. А. Тұрысбековпен бірге үшемдерді күтіп алдық. Өйткеніүшемдердің аман-есен дүниеге келуі үлкен қуаныш. Үшемдердің күтіміне 2 орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.Сонымен қатар арнайы балалар тамағыменқамтамасыз етілетін болады»,-деді.
Алистановтаротбасында Галымжан, Рахымжан мен Мейіржанды 5 және 7 жастағы ағасы мен әпкесі күтіп алды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР