Алматы облысында екі Калинин ескерткішін құлатты

16.06.2019, 03:00

2

15 маусымда Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау елді мекенінде советтік-коммунистік доктрина тұлғаларының бірі Михаил Калининге орнатылған екі ескерткіш құлатылды.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының өкілдері әуелі ауылға кіре беріс жердегі Алматы — Талғар күре жолының бойына орнатылған тастан тұрғызылған Калинин ескерткішін құлатқан. Кейінірек ауылдың мәдениет үйінің алдындағы гипстен жасалған ескерткішті алып тастаған. Шараға 30-ға жуық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары жин

Ұйым өкілдері құлатылған ескерткіштер орнына Алаш көсемдерін ұлықтайтын монумент қойылатынын айтты.

Ақпарат бойынша, бұл ескерткіштер 2003 жылдан бері мемлекет қарауындағы ескерткіштер тізімінен алынған. Бірақ жылдар бойы орнынан алынбай келген.

2018 жылы мамыр айында Ақтөбеде жергілікті белсенділер совет кезінде Қазақстанды басқарған Левон Мирзоян ескерткішін құлатқан еді. Оның алдында Мирзоян көшесіне Әлихан Бөкейхан есімі берілген.

Қазақстанда Совет өкіметінен қалған ескерткіштер мен символдарға қатысты пікірлер әртүрлі. Елде 2017 жылғы есеп бойынша Ленин атында 350-ден астам көше болған. Ленин ескерткіштерінің саны — 159.




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04