29.04.2020, 06:49
46
Бүгін Алматы облысында 12 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды.
Науқастардың үшеуі бұған дейін COVID-19 індеті тіркелмеген Кеген ауданының тұрғындары.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 адамның 3-еуі – Кеген ауданында, 8-і – Жамбыл ауданында, 1-еуі Қапшағай қаласында тіркелді.
Сырқаттанғандардың жасы 27 мен 56 жас аралығында. Олар Кеген аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы ауылдық аурухананың провизорлық стационарына, Шелек аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.
Олармен байланыста болған 55 адамның барлығы оқшауландырылды.
Жалпы, Алматы облысында індетті жұқтырған азаматтардың саны 113-ке жетті.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР