07.04.2020, 18:36
54
Алматы облысында көлікпен адамдардың ауылдар арасындағы қозғалысышектелетін болады, аймақтың периметрі бойынша кедергілер орнатылады.
Алматыоблысында коронавирустың таралмауын шектейтін шаралар күшейтілді. Бұл туралыоблыстың бас дәрігері Қайрат Баймұхаметовтің бұйрығында айтылған.
«Облыстыңпериметрі бойынша жол кедергілері орнатылады» деп хабарланған.
Әуежайлардың,теміржол вокзалдарының, ойын-сауық және спорт нысандарының, азық-түлік жәнеазық-түлік емес базарлардың, бизнес орталықтардың, балабақшалардың, қонақүйлердің жұмысы тоқтатылады.
Мешіттер мен шіркеулер және басқа да діни мақсаттағы орындар жабылады.
Соныменқатар, адамдар көп жиналатын орындарға баруға, отбасылық шаралар өткізуге тыйымсалынады. Қоғамдық көлікте маска болу керек. Кәмелетке толмағандардың ересектердіңбақылауынсыз жүруіне тыйым салынады. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдарға сыртқашығуына болмайды.
Дәріханалар, жанармай құю стансалары, ауруханалар мен азық-түлік дүкендері дезинфекциялануы керек.
Денсаулық сақтау саласының мамандары, коронавирус жұқпасына күмәнданатын пациенттермен жұмыс істейтіндәрігерлерді биологиялық қорғаныс дәрежесіндегі костюмдермен қамтамасыз етуікерек. Блокпосттарда маскаларды, бір ретқолданылатын қолғаптарды, көзілдіріктер мен халаттарды қолдану міндетті.
Соныменқатар, дәрігерлерге көлік бөлініп, ауруханаларда тұруға жағдай жасалады.
Шешім2020 жылғы 8 сәуірде сағат 08: 00-ден бастап күшіне енеді.
Қазіргіуақытта Алматы облысында коронавирустық аурудың 10 жағдайы тіркелген.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР