Алматы облысында оқушылар отырған автобус апатқа ұшырады

28.09.2019, 23:00

2

Алматы облысы Жамбыл ауданында Тамғалы-тас шатқалына бара жатқан мектеп оқушылары отырған автобус жол апатына ұшырады. Бұл ақпаратты Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

— Автобус жыраға түсіп кеткен. Қазір жарақат алғандардың барлығы Жамбыл аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар дәрігерлердің бақылауына алынып, толық тексеріс басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, барлығының дене жарақаттары жеңіл. Бірақ соған қарамастан оқушылар болғандықтан рентген, МРТ жасату сияқты толық медициналық тексеру жайлы шешім қабылданды, — деді ол.

Ол автобуста қанша бала болғанын ашып айтпады. Кейбір жергілікті сайттар автобуста барлығы 47 оқушы болғанын, 8 оқушы және бір мұғалім жарақат алғанын хабарлады.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны-қозғалмағаны белгісіз. Кейбір жергілікті БАҚ оқушылардың Алматыдағы 134 лицейде оқитынын жазды.

Еуропа одағының статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын елдердің бестігіне енеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34