Алматы облысында өрттен үш сәби қаза болды

07.03.2020, 01:24

3

5 наурызда Алматы облысы Есік қаласында жер үй өртеніп, үш сәби қаза болды деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Бұл ақпаратты Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті мен облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі де растады.

Өрт кезінде балалардың ата-анасы үйде болмаған. Балалардың жанында әжесі болған.

Ақпарат бойынша, аудандық көпсалалы ауруханаға 68 жастағы тұрғын жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.

Өрт сөндіру қызметіне үйдің өртенгені туралы хабарлама таңғы сағат 4:00 шамасында түскен. Бір сағаттан кейін өрт сөндірілген. Әзірге толық емес ақпарат бойынша электр желілерінің күюі салдарынан өрт шыққан.

Бұл шамамен соңғы бір ай ішінде болып отырған екінші оқиға. 3 ақпанда Алматы облысы Өстемір ауылында жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза болған. Ата-анасы ол кезде үйде болмаған: әкесі қалаға жұмыс іздеуге, ал анасы ұлы мен қызын сыртынан жауып, дүкенге кеткен.​

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16