Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 18 Тамыз 2023

Алматы облысында қай жолдарға «Сергек» орнатылатыны белгілі болды

None
None

Алматы облысының полиция департаменті жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтайтын камера санын көбейтеді.

 Жақында көлік апаты жиі болатын 124 локацияға 576 камера орнатылады. 

Қыркүйектің алғашқы күндері Қонаев қаласында алты бейнебақылау бекеті жұмысын бастайды. Одан бөлек:

  • Алматы — Қонаев және Алматы — Өскемен тас жолында 16 бекет (Қонаев қаласы мен Шеңгелді ауылының аумағы);
  • Талғар тас жолында 21 бекет, желілік жол бөліктерінде, сонымен қатар Талғар қаласы, Бесағаш, Белбұлақ тағы бірқатар ауылда;
  • Құлжа тас жолында 44 бекет, сонымен қоса Гүлдала, Панфилов, Бәйтерек ауылдары; Қызылту, Төңкеріс пен Есікке бұрылатын жерде және т.б.;
  • Алатау тас жолында 5 бекет;
  • Алматы — Ташкент тас жолында 13 бекет;
  • Жоғары Қаскелең тас жолында 7 бекет, оның ішінде Қырғауылды, Жандосов ауылдары және т.б.;
  • Алматы — Қорғас тас жолында 5 бекет;
  • Алматы — Астана тас жолында 4 бекет, Шамалған станциясының маңы кіреді;
  • Әли мен Жаңалық ауылдарының маңында, бұрынғы Қапшағай тас жолында 2 бекет;
  • Алматы — Байсерке — Междуреченск тас жолында 1 бекет.

Полицейлердің сөзінше камералар «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесіне қосылған. Олар жылдамдық асыру, қызыл түске өтіп кету, тоқтау сызығын және тұтас сызықты басқанда көліктің алды мен артына белгі береді.

Тегтер: