Алматы облысында таудағы өртті сөндіру кезінде үш адам мерт болды

07.08.2019, 02:00

37

Алматы облысында 5 тамызда таулы жердегі өртті сөндіру кезінде екі жергілікті тұрғын мен мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері мерт болып, тағы жеті адам зардап шеккен. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік дерегінше, ол адамдар Панфилов ауданы Талды ауылдық округіндегі өртті сөндіруге қатысқан. Денесі күйіп, біреуінің аяғы сынған жеті адам Жаркент қаласындағы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Таудағы өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметі және полиция өкілдерімен бірге жергілікті тұрғындар мен орман шаруашылығы жұмысшыларынан жасақталған "өртке қарсы еріктілер" тобы да жұмылдырылды делінген ақпаратта.

Министрліктің мәлімдеуінше, «жетуге қиын жердегі» өртті сөндіруге арнайы құралы бар тікұшақ жіберілген, алайда «су алатын қойма болмағандықтан тікұшақты адам тасуға және аспалы өрт сөндіргішке қажетті сумен қамтамасыз етуге» пайдаланған.

Ішкі істер министрлігі таулы аймақта қураған шөп тұтанып, кейін өртке ұласқан болуы мүмкін деп болжайды. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04