Алматы облысында жалақы өсіруден «марафон» басталды

26.11.2018, 19:35

31

«Кімнің қалай жалақысы өсіп жатқанын көрейік». Бұл – Алматы облысындағы жалақы өсіру марафонын белсенді «ұйымдаструшыларының» бірі – облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат ТҰРЛАШОВТЫҢ сөзі. – Кәсіпорындардың тізімін беріңдер және кімнің қалай жалақысы өсіп жатқанын көрейік. Бізге анық және нақты мониторинг қажет. Жұмыстың нәтижесі көрінбейінше тоқтатпауымыз керек. Кәсіпорындардың 4,2% қамтуын қалай түсінеміз? Бұл аудан әкімдерінің, сол салаға жауапты басшылық қызметкерлерінің дұрыс жұмыс істемейтіндігін көрсетеді, – деді Ләззат Махатұлы.Бір айта кетерлігі, бұндай пікір өңір басшысы бірінші орынбасарының аталған мәселеге орай аудандармен өткізген селекторлық тәртіпте өткен жиынында айтылды. Ләззат Тұрлашовтың кімнің жалақысы қалай өсіп жатқанын көргісі келуінің де алабөтен себебі бар-ды. Оған себеп, облыс әкімдігінің биылғы күздің жуан ортасында берген уәдесі еді. Олардың мәлімдеуіне орай, 2019 жылы өңірде 100 мың адамның жалақысы өсуі тиіс еді.  Жүз мың адамды айтпақшы, жиында күн тәртібінде көтерілген мәселеге орай арнайы баяндама жасаған, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Керімбек ЖАНШАБАЙДЫҢ сөзіне сенсеңіз, облыстағы ең аз жалақы мөлшері – 40 мың теңгенің аз-ақ үстінде. Ал дәл осы төрт ондықтан төбесі сәл-сәл асқан еңбекақыға бүгінде 79 374 қызметкер жұмыс істеп жүр. Бұл мемлекеттік орындарды есепке алмағандағы статистика.Сонымен бірге инспектор әр елді мекенде еңбекке байланысты күнделікті мониторинг жүргізіліп тұратынын атап өтті. – Бұл статистика жалақыны өсіру мәселесі бойынша арнайы құрылған топтың еңбегі. Ал дәл осындай мониторинг жүргізетін топ Қарасай, Райымбек  аудандарымен Талдықорған, Текелі қалаларында әлі құрылған жоқ. Кәсіпорын басшыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, меморандумға қол қойылып жатыр, – деді Керімбек Жаншабайұлы.Айта кетейік, өңірде 54 ірі, 311 орта және 43138 кіші кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Мониторинг нәтижесі бойынша 1812 кәсіпорын 12 926 жұмысшының еңбекақысын келесі жылдан бастап өсіреді. Ал бұл облыс әкімінің бірінші орынбасарының өзі «қалай түсінеміз» дегеніндей, жұмысы жүріп тұрған кәіспорындардың тек 4,2%-ын ғана құрайды.Мониторинг демекші, жиында етектей-етектей баяндамасы сынға түскен баяндаушылар күні ертеңнен-ақ аудандарда мониторинг жүргізілетінін айтып «құтылысты». Ол үшін арнайы жергілікті жерлерде топ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, нақты жұмыс та қауырт басталмақ. Мәселен, зауыт қызметкерлері, кәсіпорындардың жұмысшыларының қанша теңге алып, қалай жұмыс істеп жатқандары да арнайы «майшам» ұстаған топтың назарында болады.Бізден бір сұрақ: Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жолдауында 2019 жылдан бастап жалақы мөлшерін өсіру туралы айтылды. Бірақ, жалпы халықтың игілігін көздеген бұл науқаннан «көтерем» амал – көп мөлшердегі кәсіпорын, зауыт жұмысшыларының айлығын көтеру арқылы өтуі қаншалықты заңды? Былайша айтқанда, бір облыс әкімдігінің бизнес нүктелерінің қалтасын аңдитын күйге түсуі нені білдірмек? Әлде Алматы облысы әкімдігі жалақы өсірудегі басты назарға алынуы тиіс маңызды бағыт – әлеуметтік сала қызметкерлерінің (дәрігер, мұғалім, тәрбиеші...) шекесін шылқытып тастады ма?  Бәлкім, бұл сұрақтан соң аталған мәселемен қысқа мерзімді демалыстан келген облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ өзі айналысар?!Фото: alau.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11