14:45, 30 Мамыр 2022
Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен ер адамның денесі табылды.
Полицейлер күдіктіні ұстады.
Ұсталған күдіктінің айтуынша, жәбірленушімен арада жанжал шыққан. Кейін ол бұрағышты алып, марқұмның кеуде тұсынан әдейі ұрған. Ол сол жерде қайтыс болған.
«Шлагбаумнан „Қарлығаш“ ТК кіреберісінде, Жазира көшесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, азиялық типтегі, 40-45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына жеткен Қарасай ауданының полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ал күдікті Полиция басқармасына жеткізілді», — деді Қарасай аудандық ПБ қызметкері.