Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 06 Тамыз 2023

Алматы облысында жаппай төбелестен 17 жастағы жігіт қаза болды

None
None

Алматы облысында жастар арасындағы төбелестен 17 жасар жасөспірім қаза тапты. Қазіргі кезде оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат хабарлағандай, 5 тамызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды.

«Жасөспірімге оқ тиіп қаза болғаны анықталды. Оқ атқан мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі екені анықталды. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-ға қамалды, бұл факт ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.Түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың бірі атыс жарақатын алып, қайтыс болғаны анықталды.Облыс ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

«Басқа қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 293 — бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұзақылық», — деп нақтылады Әленов.

Тегтер: