Алматы облысында жоғалып кеткен бір отбасының 7 адамы аман-есен табылды
ҚР Төтернше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 40-қа жуық автомашина табылды.
Қазіргі кезде адамдардың саны анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.
«Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол жерде екен. Көбінің машинасында жанармай таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанармай құю және адамдарды машиналарымен колонна арқылы эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 3 қаңтарда сағат 8.00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары күшейтіліп, дрон жұмылдырылған.