Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

30.09.2019, 02:00

12

«Алматы облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза болды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі.

Жол апаты 28 қыркүйекте таңғы 5.50 шамасында «Көктал — Сарыөзек» трассасының 140-шақырымында болған.

Оқиға орнында үш адам қаза болып, түрлі жарақат алған алты адам Сарыөзек ауруханасына жеткізілген. Ауруханаға түскендердің тағы бірі реанимация бөлімінде қайтыс болған.

Полиция «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы (345-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Еуропа Одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп елдердің бестігіне енеді. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, жыл сайын Қазақстанда он мыңға жуық адам жол апатынан қаза болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27