Алматы облысындағы өрт аумағы 100 гектарға дейін азайтылды
Алматы облысында қамыстан шыққан өрт аумағы 100 гектарға дейін азайтылды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртсөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағында болған (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің жану аумағы 100 гектарға дейін азайтылды.
ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ күштерімен қол шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу жүре отырып 5-кварталда өрт сөндіру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
2023 жылғы 28 маусымда сағат 13-40 сағаттан бастап табиғи өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-872 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта көлемі 21 тонна 7 су ағызу жүзеге асырылды.
Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 бірлік техника жұмылдырылды.