Алматы облысының арнайы прокуроры Әбішевті босату туралы шешімге қарсы шықты

13.05.2020, 09:02

23

Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасы 53 жастағы белсенді Кенжебек Әбішевті босату туралы сот шешімінің күшін жоюды сұрап отыр. Ведомствоның Алматы облыстық сотына апелляциялық өтініш бергенін түрме таксофонынан Азаттыққа хабарласқан Әбішев айтты.

Бұл ақпаратты Заречный елді мекеніндегі ЛА-155/14 мекемесінің қызметкерлері де растады. Олардың айтуынша, тек Әбішев қана емес, сәуір айының соңында жазаны жұмсарту туралы сот шешімі шыққан бірнеше тұтқынның шешіміне байланысты сотқа өтініш түсірілмек. 12 мамыр күнгі ақпарат бойынша, прокуратура Әбішев шешіміне байланысты шағым түсіріп үлгерген.

Әбішевтің сөзіне қарағанда ол Алматы облыстық сотына шағым түсіріп, жазаны жұмсарту туралы сот шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы өтінген. Ол сонымен бірге сотқа "өлімалды хатын" да тапсырған. ЛА-155/14 мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, арнайы прокурордың шағымы танысу мақсатында ғана жіберілген. Ал мекеме Әбішевтің құжаттарын алмаған.

29 сәуірде Қапшағай қалалық соты "Ұлттық алауыздық қоздыру", «Терроризмді насихаттау» баптарымен айыпталып сотталған Кенжебек Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Егер прокуратура шағым түсірмесе, сот қаулысы 15 күннен кейін күшіне еніп, Әбішев мамыр айының ортасында босап шығады деп айтылған еді.

13 наурызда Қапшағай қалалық соты Алматы облысының Заречный кентіндегі жалпы режимдегі колонияда (ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесі) қамауда отырған белсенді Кенжебек Әбішевтің жаза мерзімін азайтқан болатын. Сол кезде оның мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу туралы өтініш жазуына болатыны айтылған еді.

Кенжебек Әбішев 2018 жылдың 21 желтоқсанында «терроризмді насихаттады» және "ұлттық алауыздықты қоздырды" деп айыпталып, жеті жылға сотталған. 2019 жылы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Қазақстандық құқық қорғаушылар Кенжебек Әбішевті саяси тұтқын деп таныған. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар жоқ деп есептейді.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57