09:38, 28 Қараша 2022
Алматы-Өскемен тасжолындағы жекелеген учаскелер жабылады
Жетісу полицейлері Алматы-Өскемен автожолындағы кейбір учаскелердің жабылғанын ескертті, — деп хабарлайды Жас Алаш Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.
Бұдан әрі 410-шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
«Сондай-ақ, температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті», — дейді Жетiсу облысы Полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.