09:11, 08 Қыркүйек 2023
«Алматы-Өскемен» трассасында жол белгісін салып жатқан жұмысшыны көлік қағып өлтірді
«Алматы-Өскемен» тасжолының 410-шақырымында «Toyota Camry» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан.
Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
«Құрметті жүргізушілер, көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады» де ескертеді полиция.