Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:44, 27 Шілде 2020

Алматы-Өскемен және Алматы-Орал бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тальго» пойызының екі бағыт бойынша уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

 

№ 69/70 «Алматы-2 — Өскемен-1» бағытындағы пойыз Алматыдан жөнелтілуі 1 тамыздан бастап, Өскеменге келуі/жөнелтілуі 2 тамыздан бастап;

№ 51/52 «Алматы-2 — Орал» бағытындағы пойыз Алматыдан 2 тамыздан бастап, Оралдан келуі/жөнелтілуі 4 тамыздан бастап тоқтатылады.

Аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар жол-пұлын толығымен қайтарып ала алады.

«Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті алу тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Тегтер: