Алматы қаласында интернет-алаяқтықпен күрес жұмыстары жүргізілуде
Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, мегаполисте интернеттегі алаяқтық фактілері, сондай-ақ алаяқтардың қарттарды алдау фактілерінің жиілеп кеткендігі байқалады.
Көбінесе бұл алаяқтық жәбірленушілердің үйіне немесе ұялы телефондарына қоңырау шалу арқылы жасалады: алаяқтар өздерін жақын туыстарымыз (ұлы, қызы, немерелері) ретінде таныстырып, қиын жағдайға түскендерін, оларға ақша аудару қажет екенін хабарлайды.
Алматы полиция департаменті қызметкерлері алаяқтардың әрекет ететін схемаларын төмендегідей көрсетіп берді:
— сіздің жақын туысыңыз жол-көлік оқиғасыа түсіп, нәтижесінде адамдар зардап шекті;
— Сіздің жақын туысқаныңыз қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды;
— сіздің жақын туысыңыз ауыр жағдайда емделуге қомақты қаражатты қажет ететін денсаулық сақтау мекемесінде жатыр.
Азаматтарды абай болуға және күмәнді қоңырауларға сенбеуге, эмоцияға берілмеуге, жақын туыстарының мәліметтерін бермеуге, қарттарды алаяқтықтың мұндай түрлері туралы ескертуге шақырады. Жергілікті тұрғындарға, әсіресе қарт адамдарға мұндай алаяқтық туралы ескерту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сонымен бірге, егер сізге полиция қызметкері қоңырау шалса, полиция қызметкерлерінің ақша сұрауға құқығы жоқ екенін есте сақтаңыз. Әңгімелесуді бастамас бұрын сұхбаттасушы өзін таныстыруы керек (аты-жөні, қызметі, лауазымы, жұмыс орны). Бұл ақпаратты «102» арнасынан қайталап тексеру керек. Сізге бейтаныс адам телефон соққанда, оның сізге не және қалай айтқысы келетініне назар аударыңыз: алаяқтар, әдетте, асықтыруға, шатастыруға, ықтимал зардаптармен қорқытуға тырысады. Алынған кез келген ақпарат тексерілуі керек, ақша жібермеңіз және аудармаңыз», — деп тапсырды Алматы қаласының полиция департаментінде.
Интернеттегі алаяқтықтың кең тараған түрі мен әдістерінің бірі – «банк қызметкерлерінің атын жамылып қоңырау шалу» – 212 жағдай. Оның ішінде Kaspi Bank – 52 факт, Ұлттық банк – 49 факт, Еуразиялық банк – 35, Халық банкі – 25 факт, Forte Bank – 19, Банк ЦентрКредит – 10, Хоум Банк – 4, Қазақстан банктер қауымдастығы – 3», Жусан банк» — 1. Банктің жалған қызметкерлері келтірген шығын шамамен 400 млн теңгені құрады.
Осыған дейңн, өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Полиция департаменті мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері интернет-алаяқтарды тануға болатын сипаттамалармен бөліскен болатын. Алматы қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция департаменті Ішкі істер басқармасының аға анықтаушысы, полиция подполковнигі Еркебұлан Қойшыбаев интернеттегі алаяқтық мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті:
— Бұл саладағы қылмыстар бүгінде полиция хабарламаларында жиі кездесетін қылмыстардың бірі болып табылады. Талдау көрсеткендей, 2017 жылы қалада 90 интернет-алаяқтық, 2018 жылы — 142, 2019 жылы — 666, 2020 жылы — 1677 және т.б. Өткен жылы осындай 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Интернет-алаяқтарды ұстау мысалдары бар, алайда қылмыстың бұл түрін ашу қиын, өйткені олар трансшекаралық сипатта, яғни жәбірленуші бір жерде, ал күдікті басқа мемлекетте болуы мүмкін. – деді ол.
Интернет-алаяқтар алдау сценарийін үнемі өзгертіп отырады, бірақ соған қарамастан жедел қызметкерлер олармен күресіп, қарапайым алматылықтардың мүддесін қорғауға үнемі тырысып жатады. Мысалы, қосымшалардағы және әлеуметтік желілердегі сатылымдар арқылы алдайтындар бар, сол кезде алаяқтар сатып алушыдан алдын ала ақы алған кезде оны блоктап, байланысқа шықпай кетеді.
Сондай-ақ, алаяқтықтың негізгі түрлерінің бірі, жоғарыда атап өткендей, – «банктің қауіпсіздік қызметінің қоңыраулары». Яғни, қазақстандықтарды Ұлттық банктің қызметкері, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп атайды, несие алды, несие алды деп немесе есепшотына хакерлік шабуылдар жасалып жатқанын айтып, олардың алдын алу үшін жеке шоттан басқа шотқа ақша аудару қажет деген себептерді көрсетеді.
Мамандардың айтуынша, соңғы кездері инвестицияға қатысты алаяқтық фактілері көбейген. Алдаудың негізгі принципі бір: олар белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, жобалар туралы айтып, оларға ақша салуды ұсынады, кірісті көбейтуге уәде береді. Ақшаны алғаннан кейін алаяқтар жоғалып кетеді. Олар сондай-ақ жәбірленуші инвестиция жасағаннан кейін оның кірісі қалай «өсетінін» көретін жалған өтінім де жібереді, бірақ іс жүзінде бұл жай ғана жалған парақша, ақшаны пайдалану мүмкін емес. Өйткені мұндай қолданбаларда қайтарып алу функциясы жоқ.
Полиция департаментінің өкілдері сонымен қатар нөмірді ауыстыру (SIP-телефония) арқылы алдаудың жаңа әдісі – дәл осы кезде ТМД елдерінің және шетелдердің азаматтары нөмірлерді ауыстыру технологиясы арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалатыны туралы хабарлады. Күдіктінің тұрған жерін анықтау өте қиын. Алаяқтар SIM карталарын сатып алмайды, олар тек негізгі телефон нөмірін өзгертетін арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланатын көрінеді. Сондықтан олар зардап шеккендерге кез келген нөмірден қоңырау шала алады.
Қазір әлеуметтік желілерде де көптеген алаяқтық әрекеттер орын алуда.
«Инстаграм әлеуметтік желісінің де айласы көп. Алаяқтар өздерін танымал блогер деп көрсетіп, фейк парақшалар ашады, олардың атынан сол немесе басқа инвестициялық жобаға белсенді түрде адамдарды тартады, кейбір тауарларды, бизнесті ұсынады. Егер сізді жалған аккаунттар арқылы алданған болсаңыз, полицияға хабарласуыңызға болады», — деп ескертті мамандар.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің өкілі Дмитрий Акмаев қаржылық алаяқтықтың айқын белгілерін байқаған болсағыз немесе жәбірленуші болсаңыз, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 1459 телефоны бойынша байланыс орталығына хабарласқан дұрыс деп кеңес береді:
— Алаяқтық мәселелері цифрлық жүйелердің кінәсі емес. Керісінше, біздің банк жүйелері қорғалған, өйткені оларда бірнеше қорғаныс дәрежесі бар. Барлық алаяқтықтардың 99%-ы жәбірленушілерге психологиялық қысым жасау салдарынан жасалады, адамдардың өзі кіру кодтарын, жеке шоттарының кодтарын, өздері туралы ақпаратты алаяқтарға береді. Мәселе адамдардың дүрбелеңге түсуінде», — деді ол.
Сарапшы-маман Алматы мен облыс тұрғындарына, әсіресе, егер олар мессенджер арқылы жіберілсе, күдікті сілтемелерге жазылмауға кеңес берді. Сондай-ақ, ол барлық банктік қосымшалары бар ұялы телефон жоғалған жағдайда не істеу керектігі туралы нұсқаулықтар да көрсетілуде:
«Біріншіден, байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы барлық шоттар мен карталарды бұғаттау керек. Карточкаларды қайта шығару үшін уақытша блоктау функциясы бар, тіпті адам мобильді қосымшаларға қол жеткізсе де, ол ештеңе істей алмайды, өйткені карта ауыстырылады. Сондай-ақ банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлау керек, банк арқылы барлық транзакцияларға тыйым салу керек. Телефон сауда сайттарында, банктерде жеке шоттардан құпия сөздерді сақтай алатынын есте ұстаған жөн. Жоғалту анықталғаннан кейін барлық құпия сөздерді дереу өзгерту керек».
Осы секілді қорғаныс шешімдері өте көп. Ал, техникалық құрал-жабдықтар жүйелі түрде жаңартылуда. IT-мамандар да бір орында тұрмайды, үнемі біліктілігін арттырып отырады. Мұндай қылмыстардың алдын алу да өз жемісін беруде дейді мамандар. Қоғамдық орындарда жарнамалық роликтер мен билбордтарды орналастырудан бастап, тікелей эфирде түсіндірулер мен үндеулерге дейін барлық шаралар қарастырылып жатыр. Және, әрине, қаржылық және кибер сауаттылықты дамыту да интернет-алаяқтықтан аман қалудың негізгі жолдарының бірі болып табылады.