Алматы-Қорғас тасжолында ірі жол апаты болды
Әлеуметтік желіде Алматы-Қорғас тасжолында болған ірі жол апатының видеосы пайда болды.
Кадрларда аударылып қалған жүк тиелген тіркеме мен қираған көліктер көрінеді.
Алматы облысының полицейлері жол апаты 26 ақпанда сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 42-шақырымында болғанын хабарлады.
MAN жүк көлігінің артқы жартылай тіркемесі шығып кетіп, DAF автотасығышына соғылып, соққы инерциясынан ол Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан. MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған. Апат салдарынан автокөлік тасымалдаушыға тиелген көліктер механикалық зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.
Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі «Адамдардың денсаулығына, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша тергеу жүргізіп жатыр.