Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:06, 20 Шілде 2022

Алматы қуатты қала!

None
None

Соңғы жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы еліміздің дамуына ерекше серпін берген жоба болды деп айта аламыз.

Осы орайда Алматы қаласының даму көрсеткішіне тоқтала кетсек, негізі еліміздің астанасы Ақмолаға қоныс аударған соң Алматы қаласына қатысты біраз сындар айтылған болатын. Әсіресе қаланың сырт көрінісіне көңілі толмағандар жиі сынға алып жататын. Бірақ соңғы жылдары Алматы қаласының көз тартар көрікті қалаға айналып, жаңадан қосылған аудандары да ерекше талғаммен салынып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, жасыл қала өзінің тартымдылығымен қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығып жатқанын аңғарып жатырмыз.

Мемлекет басшысының жұмыс орындарын жүйелі түрде ашу және азаматтардың табыс деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары да мүлтіксіз орындалып, азаматтарға кәсіпкерлікпен айналысуға да қолайлы мүмкіндіктер тууда. Бір сөзбен айтқанда Алматы еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы ретінде өз міндетін толығымен атқарып отыр. Қаржы орталығы ретінде Алматы қаласынан мемлекетке түсетін табыс көлемі де арту үстінде. Өйткені мегаполисте инвесторларға жоғары деңгейде қолдау шаралары ұсынылған. Осы орайда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізгі мақсаты негізгі қызметтерге деген тең қолжетімділікті қалыптастыру болса, «Инвестициялар үйінде» «бір терезе» қағидаты бойынша сервистік қолдау, серіктестер іздеу және инвестициялық келісімшарттарға сүйемелдеу жасау секілді қызметтер көрсету қарастырылған. Бұл өз кезегінде инвестициялық ахуалды жақсарту, әлеуетті инвесторлардың Алматы қаласында жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылығын арттыру мақсатында жасалып отырған шаралар.

Осы орайда атап өтсек, Алматы қаласы еліміз бойынша кәсіпкерлері ең көп қала. Яғни кәсіпкерлікті жүргізуге де ең қолайлы деп айта аламыз.

Қаладағы тұрмысқа қолайлылық пен қолжетімді қызметтің ықпалы болса керек, тұрғындарының саны да үнемі өсу үстінде. Әрине адам көп жерде оларға тұратын баспана да болуы керектігі айқын. Осы орайда Алматы қаласындағы құрылыс қарқыны да соңғы жылдары толастаған емес. Осыны ескеріп, жақында қала әкімі Ерболат Досаев: «Үлкен жұмыс атқарылды. Бірақ өкінішке қарай, бас жоспарды түзету 2002 жылы бекітілген бас жоспарға негізделген. Одан бері жиырма жыл өтті. Қазір қала да, экономика да өзгерді. Алматы облысы да өзгерді. Бас жоспарды түзетуге атсалысқандардың бәріне алғыс айтқым келеді, оған 3-4 жыл уақыт кетті, бірақ біз жыл соңына дейін Алматы қаласын дамытудың жаңа бас жоспарын ұсынамыз», – деді. Демек қаланың қуаты да, адам саны да өзгерісті қажет етіп отыр. Әкімнің сөзіне сенсек, қала мен қала маңындағы аумақтарды бірдей дамытуды маңызды санап, алдағы уақытта осыны басты ұстаным етіп отыр. Мегаполия қаланың әлеуетінің артып келе жатқанының бұл да болса бір көрсеткіші дей аламыз.

Атап өтер жайт, қаланың дамуы да уақыт сұранысына сай сандық технологияға негізделген. Қаладағы мектептер мен медицина ұйымдары 100% интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Қала халқының 91 %-ның электронды денсаулық паспорты бар. Демек қала тұрғындары сандық дамуды мақсат еткен қаланың игілігін көріп жатыр деп айта аламыз. Басқа салаларда да сандық технологияның артықшылығын барынша сезіну үстінде.

Қаладағы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту деңгейі де жыл өткен сайын артып келеді. Қазір бұл көрсеткіш 89% құрап отыр. Қала мектептеріндегі орын тапшылығын жою үшін жыл сайын жаңа оқу жылында жаңа мектептердің құрылысы да аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілуде. Қаладағы үш ауысымды мектептер толығымен жойылуда. Яғни қалада халық саны қаншалықты көбейсе де оларға қолайлы жағдай жасау жергілікті атқарушы билік өкілдерінің басты ұстанымы болып отыр. Жалпы халыққа тең қызметтің бір үлгісі Алматы қаласында даму ерекшеліктері бар балаларды инклюзивті оқытуды іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, қаланың барлық білім беру мекемелерінде техникалық қолжетімділік қамтамасыз етілген, оның ішінде жаңа мектептерде лифтілер, пандустар, тактильді жолдар, шақырту түймелері, санитарлық бөлмелер толығымен қарастырылған.  Қаладағы инклюзивті балалардың білімінің деңгейі арту үстінде. Жалпы қала бойынша 4 мыңнан аса педагог инклюзивті сыныптарда жұмыс істейді екен.

Қалада сырттан келген шетелдік туристерге де көрсетерлік нысандар жетерлік. Сондықтан қалада туризмді дамыту тұрақты түрде қолға алынған. Қазір қаланың туризм саласындағы көрсеткіші де жақсаруда. Алдағы уақытта еліміздің ең ірі мегаполис қаласы әлі де дамып, қуатты өңірлердің ішінде көшбасшы бола беретініне сенім мол!

Тегтер: