12:50, 13 Қаңтар 2022
Алматы қылмыскерлерден тазартылып жатыр
Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, Бостандық және Түрксіб аудандары қылмыскерлерден толық тазартылды, деп хабарлайды «Жас Алаш».
«Бостандық және Түрксіб аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 625 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 486 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәуілікте «102» пультіне небәрі 961 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды», — делінген Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы таратқан хабарламада.