Алматы шетінде бірнеше шақырым көлік кептелісі пайда болды

11.05.2020, 17:03

16

Мамырдың 11-іне Алматы қаласының шыға берісіне қойылған блокпосттар алдында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды. Алматы облысы мен басқа да аймақтардан келген көліктер төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты Алматы қаласына кіргізуді талап етті. Жеке көліктерге өзге блокпосттан өтуге ұмтылған жаяу адамдар да күрт көбейді.

Қала маңында тұратын адамдар карантинге жабылған Алматыға кіре берістегі блокпостта тұр. 11 мамыр 2020 жыл. /> Қала маңында тұратын адамдар карантинге жабылған Алматыға кіре берістегі блокпостта тұр. 11 мамыр 2020 жыл.

Бұған дейін, мамырдың 11-іне Қазақстандағы төтенше жағдай режимі аяқталғанымен карантин жарияланған қалалар мен елдімекендерде шектеу шаралары әрі қарай жалғаса беретініхабарланған. Алматы қаласындағы төтенше жағдай бойынше жедел штабтың хабарына қарағанда, жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің көліктері ғана жүріп-тұрады. Алматы әкімдігі қалаға сырттан келетін автокөліктер қашан кіргізілетінін айтпаған.

Талғар жақтан Алматыға бара жатқан автокөлік. 11 мамыр 2020 жыл. /> Талғар жақтан Алматыға бара жатқан автокөлік. 11 мамыр 2020 жыл.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Алматыға кіре берістегі ахуал мен көлік кептелісі жайлы ақпарат беруден бас тартты.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай жарияланған. 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын. Кейінірек өзге аймақтарда шектеу шаралары енгізілді. Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемия шарықтау шегіне жетті деп мәлімдеген. Осыдан кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жұмсарып, бірқатар бизнес нысандарына жұмыс істеуге рұқсат етілген болатын.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42