Алматы соты белсенді Санавар Закированы бір жылға бас бостандығынан айырды

15.07.2020, 16:13

7

Алматылық белсенді Санавар Закирова бір жыл бас бостандығынан айырылды. Сот үкімін Медеу аудандық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Залина Махарадзе шығарды. Сот 52 жастағы Закированы 39 жастағы Д.Ш. дейтін азаматтың “денсаулығына бұзақылық ниетпен ауырлығы орташа зиян келтірді” (қылмыстық кодекстің 107-бабы, 2-тармағы, 5-тармақшасы) деп тапты. Сот отырысы онлайн өтті.

Сот Закироваға жазасын қауіпсіздігі мейлінше төмен мекемеде өтесін деп қаулы етті.

Үкім заң күшіне енгенге дейін Санавар Закирова Алматының тергеу изоляторында ұсталады (ЛА-155/18 мекемесі). Жаза мерзімі белсендінің қамауға алынған күнінен бастап саналады.

Санавар Закирова Азаттыққа тағылған айыпты жоққа шығаратынын және сот үкіміне шағымданатынын айтты.

Сот процесі барысында Закированың адвокаттары бірнеше рет ауысты. Процестің соңғы кезеңінде белсендіні Наталья Исмаилова мен Ғайныжамал Әбдіжапарова қорғады.

Санавар Закирова өздеріне қарсы сот шешімдерін қайта қарауды талап еткен бастамашыл топтың қатысушысы. Бұл топ билік партиясы – “Нұр Отанның” ел астанасындағы офисі алдында, сондай-ақ бас прокуратура мен жоғарғы сот алдында өтініштерін қарастыруды талап етіп бірнеше рет акция өткізген.

Закирова сондай-ақ “Нұр Отан” партиясын сынайтын жазбалар жариялаған. Жазбаларында ол билік партиясы белсенділердің саяси ұйым құруына кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеген. Өткен жылдың қарашасында сот Закировадан және оның екі серіктесінен “Нұр Отан” партиясының төрт мүшесінің пайдасына алты миллион теңге өндіру туралы үкім шығарды. Ол кезде “Нұр Отан” партиясы үш белсендіден “жалған ақпарат таратып, іскерлік беделіне нұқсан келтірген” 20 миллион теңге моральдық шығын талап еткен.

«Назарбаевтың партиясына ақша беріңізші». Белсенділер мешітте садақа сұрады

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27