Алматы тұрғындары "Қытай экспансиясына" қарсылық білдірді

29.09.2019, 11:00

21

Алматыда Жібек жолы көшесінің бойында "Қытай экспансиясына" қарсы наразылық өтіп жатыр деп хабарлайды Vlast.kz сайты. Оған елуге жуық адам қатысып жатыр.

Наразылыққа шыққандар кеуделеріне сары лента байлап алған. «Бұл Қытай экспансиясына қарсылықтың символы» деп түсіндірді наразылардың бірі.

Жиналғандар "Қытайға жол жоқ!", «Алға, Қазақстан!» деп айқайлап, плакаттар жайды. Қытай тауарларына бойкот жариялауға шақырды. Бұған қоса, саяси тұтқындарды босатуға шақырды.

Өзін әкімдік өкілі ретінде таныстырған адам жиналғандарға «жиын өткізу үшін рұқсат сұрау қажеттігін» айтып ескерткен.

Бұған дейін тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы тұрғындарды "Қытай экспансиясына" қарсылық танытқан Гонконг тұрғындарының халықаралық акциясын қолдап, наразылыққа шығуға шақырған.

2-3 қыркүйекте Жаңаөзенде жүзден астам азамат Қазақстанда "Қытайдың 55 зауытын салуға" қарсылық білдіріп, кейіннен мұндай акциялар басқа қалаларда да өтті. Наразы азаматтар биліктен Қытай жобаларынан бас тартуды, көрші елден несие алмауды, онымен қарым-қатынасты шектеуді талап еткен.

Ал ресми Нұр-Сұлтан елде «таза қытайлық кәсіпорындар жоқ екенін», «көрші елмен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалар арқасында елде мыңдаған жұмыс орындары ашылып, түрлі саланың дамып жатқанын» алға тартқан.

"Қытай экспансиясына қарсы" наразылыққа қатысқан азаматтарды полиция 16 қыркүйектен бастап ұстап, кейбірін әкімшілік жазаға тартты, кейбіріне ескерту жасап босатты.

Бір апта бұрын 21 қыркүйекте полиция елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы белгілеген «митингі орындарында» ресми дерек бойынша шамамен 100 адамды ұстаған. «Рұқсат етілмеген митингіге қатысқан» адамдардың көбі бірнеше сағаттан соң босатылған. Оннан астам адам әкімшілік жазаға тартылған.

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы соңғы ұстаулар мен қамауларды сынап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси реформа жасауға шақырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42