Алматы тұрғыны Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі алдында пикет өткізді

20.02.2020, 18:53

3

Алматы тұрғыны Байболат Күнболатұлы Қытай билігінен "қайта саяси тәрбиелеу лагеріндегі" інісін босатуды талап етті.

— Қытай билігінен інім Баймұрат Нарызбекұлын дереу бостандыққа шығаруын талап етемін. Оның абақтыда отырғанына 702 күн болды. Өлі-тірісі белгісіз. Қытайдағы туыстарым қысымнан қорқып, телефон тұтқасын да көтермейді. Інімді босатпайынша пикетке шыға беремін, — деді Байболат Күнболатұлы.

​Оның айтуынша, 1990 жылы туған інісі 2018 жылы наурыз айында Құлжа ауданына қарасты Қарағаш ауылында ұсталып, саяси лагерьге қамалған. Кейінірек белгісіз себеппен 10 жылға сотталған.

Акцияны алты полиция қызметкері бақылап тұрды, олардың бірі Күнболатұлының акциясын видеоға түсірді.

Байболат Күнболатұлы хатын тапсыру үшін елшілікке кірмек болып еді, күзетшілер оны ғимаратқа жібермеді.

Кейінірек елшіліктен бір қызметкер шығып, Күнболатұлын ішке кіріп сөйлесуге шақырды. Бірақ елшілік өкілі Азаттық тілшісіне түсініктеме беруден бас тартты.

Күнболатұлының айтуынша, түс кезінде елшілік өкілі хатын қабылдап, үш күн ішінде жауап беретінін айтқан.

Бұған дейін де бірнеше азамат (арасында Күнболатұлы да бар) Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында жалғыз адамдық пикет өткізіп, Қытайда қалған туыстары туралы ақпарат талап еткен еді. Бірақ олардың ешқайсысы бұған дейін жауап ала алмаған.

Қарай отырыңыз: «Шыңжаңда қамалған» туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды (22 қаңтар 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="«Шыңжаңда қамалған» туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> <img src=«gdb.rferl.org/492A4352-E5C8-488B-BE49-C129C28FC710_cx0_cy14_cw0_w250_r1.jpg» alt="«Шыңжаңда қамалған» туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды" title="«Шыңжаңда қамалған» туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды" /> please wait <video poster=«gdb.rferl.org/492A4352-E5C8-488B-BE49-C129C28FC710_cx0_cy14_cw0_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30391408&SiteId=5&r=1875067207&it=0&pd=20200122132700» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title="«Шыңжаңда қамалған» туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды"> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
<a class=«js-media-title-link» href="/a/30391408.html" target="_blank" title="«Шыңжаңда қамалған» туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды">«Шыңжаңда қамалған» туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30391408.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:53 0:00 Жүктеп алу <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe.mp4?download=1» title=«360p | 18,6MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30391408, '»Шыңжаңда қамалған" туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды', null, 'Аян ҚАЛМҰРАТ, Мәншүк АСАУТАЙ, Тоқмолда ҚҰСАЙЫНОВ, Ринат ФАЗЫЛБАЕВ', '2020', '01', '22')"> 360p | 18,6MB <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_hq.mp4?download=1» title=«404p | 30,6MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30391408, '»Шыңжаңда қамалған" туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды', null, 'Аян ҚАЛМҰРАТ, Мәншүк АСАУТАЙ, Тоқмолда ҚҰСАЙЫНОВ, Ринат ФАЗЫЛБАЕВ', '2020', '01', '22')"> 404p | 30,6MB <a href=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/b/b2/b2db5282-1181-438c-be95-cd287c97fefe_fullhd.mp4?download=1» title=«1080p | 102,3MB» class=«handler» onclick=«FireAnalyticsTagEventOnDownload(this, 'video', 30391408, '»Шыңжаңда қамалған" туыстарын іздегендер Қытайдың консулдығына барды', null, 'Аян ҚАЛМҰРАТ, Мәншүк АСАУТАЙ, Тоқмолда ҚҰСАЙЫНОВ, Ринат ФАЗЫЛБАЕВ', '2020', '01', '22')"> 1080p | 102,3MB

Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып, оған ұйғырлар, қазақтар және басқа да мұсылмандарды қамап жатқаны жайлы ақпарат 2017 жылы тарай бастаған. 2018 жылы жазда БҰҰ «Шыңжаңдағы лагерьлерде бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылман отыр» деп мәлімдеген. Қытай билігі басында лагерьлердің барын жоққа шығарып, кейін бұл жерлерді «терроризм мен экстремизммен күресетін және кәсіп үйрететін орталық» деп сипаттаған.

Құпия құжат: Шыңжаң мұсылмандары «сақал өсіріп, хиджап кигені» үшін қамалған
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34