15:27, 21 Қараша 2022
Алматы тұрғыны өз әйелін атып өлтірді
Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің артында үш баласы қалды.
Алматы облысында әйелін өлтірген ер адамға қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 қарашада болған.
«Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімінің тергеушілері жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады», — делінген хабарламада.
Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы – күдіктіге тиесілі аңшы мылтығы тәркіленді.
Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері облыстық ПД-ның бақылауына алынды.
«Не молчи» қорының мәліметінше, күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің артында үш баласы қалды.