Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:23, 14 Ақпан 2022

Алматы тұрғынынан сегіз “Сайга” қаруын тәркіленді (видео)

None
None

Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз “Сайга” қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды  «Жас Алаш»  Polisia.

kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды. 

– Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағандығы анықталды. Күдікті олжаны “жақсы уақытқа дейін” үйдің адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырғаны анықталды.  Барлық қарулар тәркіленді.  Оларға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. “Камерад” қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Тегтер: