Алматыда 13 мыңнан астам адам коронавирусқа тексерілген

09.04.2020, 15:22

14

Карантин режимі енгізілген уақыттан бері Алматыда 13 мыңнан астам адам коронавирусқа тексерілген. Бұл туралы қалалық тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова хабарлады.

«Полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы қазірге дейін 13 811 адам коронавирусқа тексерілген, 121 адамнан коронавирус табылған» деді.

Оның айтуынша, қалада төрт зертхана: үш мемлекеттік және бір жеке мекемеде зерттеу жүргізілген.

Соңғы мәлімет бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандар 121 адамға жеткен. 9 сәуірде үш науқастың айыққаны белгілі болды. 1993, 1985 жылғы екі әйел және 25 жастағы жігіт ауруханадан шыққан. Қалада барлығы 26 адам жазылған.

Қазір 96 адам инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Арасында төрт бала бар. 72 науқастың жағдайы — бірқалыпты, екі ересек адамның жағдайы — өте ауыр, төрт науқастың жағдайы — ауыр. Дәрігерлер 18 адамның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды.

Алматы коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада Нұр-Сұлтаннан (223) кейін екінші орында тұр. 19 наурызда қалада карантин жарияланып, адамдардың ары-бері жүруіне шектеу қойылған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 759 адамға жеткен.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16