Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:53, 17 Қаңтар 2022

Алматыда 149 азамат қаза тапты - Полиция басшысы

None
None

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы қанды оқиғалар кезінде қанша адам қаза тапқанын мәлім етті.

 Таймерденов оқиғаның хронологиясын, террористердің қандай нысандарға қанша рет шабуыл жасағанын айтты. Жарты сағатқа созылған брифингтің соңғы минуттарында Орталық коммуникациялар қызметінің жүргізушісі ПД басшысынан қаза тапқан адамдардың санын сұрады.

“Қазіргі күні қаза тапқан адамның саны 11 адам”, — деді Алматы полициясының басшысы алдымен.

Кейін жауабын толықтырып, “азаматтар арасынан 149 адам, құқық қорғау органдарынан 11 адам”, — деді Таймерденов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 15 қаңтар күні тікелей эфирге шыққан Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев Қазақстандағы қақтығыстар кезінде мәйітханаларға 225 адамның денесі түскенін хабарлаған еді.

Тегтер: