Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алды

18.12.2019, 02:59

15

Желтоқсанның 17-і күні Алматыдағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші алдында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алу шарасы өтті. Жиналғандар ескерткішке гүл қойып, Желтоқсан оқиғасы кезінде құрбан болғандарға құран бағыштады.

Жүзден астам адам жиналған шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері және олардың туыстарымен бірге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған бір топ шенеунік те қатысты. Жарты сағатқа жетер-жетпес уақытқа созылған шарадан кейін оған қатысушыларды бірнеше автобусқа отырғызып, қаладағы дәмханалардың бірінде арнайы дайындалған асқа әкетті.

Бұл күні 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен құрбан болғандарды еске алу шаралары Шымкент, Нұр-Сұлтан және өзге қалаларда да өтті.

Осыдан бір күн бұрын Алматы мен Нұр-Сұлтанда 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен 2011 жылғы Жаңаөзендегі мұнайшылар наразылығы құрбандарын еске алу акциясы наразылардың шеруіне ұласып, полиция ондаған адамды ұстап әкеткен. Кейін полиция белсенділерді босатқан.

Оқи отырыңыз: Құрбандарға құран оқу, «Назарбаевсыз Қазақстан» һәм наразыларды ұстау

1986 жылы 17-18 желтоқсанда Мәскеудің Қазақстан басшылығына республикаға беймәлім, бұрын Ресейдің бір облысын басқарған партия шенеунігін тағайындау туралы шешіміне қарсылық білдіріп Алматының орталық алаңына шыққан қазақ жастарының шеруін совет билігі қатыгездікпен басып-жаншыды. Алматыдағы жастар наразылығы Кремльдегі орталық биліктің өктемдігіне қарсы СССР-дегі көлемді наразылықтың біріне айналды. Осы оқиғадан бес жыл өткенде Совет одағы тарады. Коммунистік партия "қазақ ұлтшылдығы" деп баға берген жастар шеруіне қатысушылар кейін ақталып, Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының азаттық жолындағы күресі ретінде тарихқа енді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16