Алматыда 300 мың адам табыссыз қалған

16.04.2020, 12:28

29


Алматыәкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында 20 сәуірденкейін жұмысы қайта жанданатын кәсіпорындар туралы айтты.

Әкімніңайтуынша, күшейтілген карантин аясында қалада көптеген кәсіпорындар мен ұйымдаржұмыс істеп жатыр. Бұл кәсіпорындарда 210 мың жұмысшы қызмет етеді.

Ал карантин аясында 727,8 мың жұмыс орнықысқарғаны анықталды. Қашықтан жұмыс істеуге білім беру, мемлекеттік басқару,ақпарат пен байланыс саласында 200 мың адам шыққан. Нәтижесінде 300 мың адамтабыссыз қалған.

«Қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалынкезең-кезеңімен қалпына келтіру жоспарына сәйкес, экономикалық белсенділіктіжандандыру үшін үлкен әлеуеті бар және сонымен қатар коронавирустық инфекциянытарату қаупі ең төмен секторлар анықталды. Бұл — өнеркәсіп пен құрылыссалалары. Осы салалар қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтайотырып 20 сәуірден бастап іске қосылуы мүмкін», — деді қала әкімі БақытжанСағынтаев.

Өнеркәсіп саласындағы шектеулерді алыптастау нәтижесінде 42,2 мың адам өз жұмыс орындарына оралады.

Құрылыс маусымының басталуына орай,сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және жаңа жобаларды іске асыруғабағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу,әсіресе құрылыс саласында, жоспарда бар. Сонымен қатар, ауқымды құрылысжұмыстарының басталуымен жобалаушылар мен іздестірушілерге, инжинирингтіккомпаниялар (авторлық және техникалық қадағалау), жобаларды сараптау сияқтымамандар мен қызметтер категорияларына қажеттілік пайда болады.

Бұдан өзге құрылыс саласының үздіксізжұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында көтерме құрылыс нарығын ашу қажет.Осылайша, осы сала бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 45,3 мың адамғаұлғаяды.

Сондай-ақ, «БЖК-2025» және «Қарапайымзаттар экономикасы» бағдарламаларын іске асыруға қатысатын кәсіпкерлердің кепілмүлкін мемлекеттік тіркеу үшін нотариустар мен ХҚКО қызметін қайта бастаужоспарланып отыр.

Алдын ала деректер бойынша, 20 сәуірденбастап жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір ай ішінде 89,4 мың адамғакөбейеді.

Шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау қоғамдық көліктерді, соның ішіндеаялдамалар мен метро аялдамаларын, кәсіпорындардың өздерінің жұмыс орындары менхалық көп жиналатын орындарды жаппай залалсыздандырумен қатар жүреді.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36