17:30, 04 Тамыз 2023
Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі жабылады
3 тамыз бен 5 тамыз аралығында Алматыдағы Абай даңғылының Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесін дейінгі бөлігі жабылады.
Кеше сағат 23:00-де Абайдың төменгі жағында жаңа жол жабынын төсеу басталған. Таңертең барлық жұмыс бітті, енді ол сенбіге дейін кебеді, жол 5 тамыз 6:00-де ашылады.
Клочков пен Радостовец көшелерінде де оңтүстік бағытта қозғалыс шектелген.
Жабық аймақты Әуезов, Шевченко, Сәтбаев, Жароков, Розыбакиев көшелері мен Гагарин даңғылы арқылы айналып өтуге болады.
Абай арқылы Әуезов, Жароков, Гагарин мен Розыбакиевке өтетін жолдар ашық тұр.