Алматыда абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Алматы қаласы бойынша жыл басынан бері әр аудандарда жүйелі жұмыстар жасалынып келді.
Ендігі жасалынып жатқан жұмыстар да «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» ұлттық жобасы аясында қаланы көркейтуге, абаттандыруға қатысты жұмыстар жүргізіліп келеді.
Жыл басынан бері «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» ұлттық жобасы аясында қаладағы ескі үйлерді сүру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілген болатын. Оның ішінде ескі аудандар, яғни Медеу, Алатау, Алмалы аудандарында көптеген ескі үйлер сүріліп, жаңа мектептер мен балабақшалардың салынғанын ақпараттандырып келдік. Енді дәл осындай қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстары Әуезов ауданында жалғасын табуда. Ал ондағы атқарылған нақты жұмыстарға келсек, жылма-жыл оқушы санының артуына байланысты жаңа оқу жылында №117 және №132 мектептерге 1725 орындық екі құрылыс пен 400 орындық «Достық» жекеменшік мектептері ашылды. Сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік бойынша алдағы уақытта №104 мектепке 400 орындық қосымша құрылыс салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, «Сити плюс», «Белкамит» тұрғын үй кешендерінде 1500 орындық 2 жаңа мектеп пен 800 орындық 2 балабақша салу жоспарда бар.
Одан бөлек, 4 мектепте сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігіне байланысты 280 орындық 2 мемлекеттік балабақшаларды салу алдағы уақытта жоспарланып отыр. Биылғы жоспарға сәйкес, 348 орындық 6 жекеменшік балабақша жұмысын бастап кетті.
Денсаулық сақтау саласына келсек, Мамыр-1 ықшам ауданында 200 адам қабылдайтын отбасылық-амбулаториялық емханалардың құрылысы жүргізілуде. Ал Қуаныш ықшам ауданында 300 адамды қабылдайтын №18 емхананың ғимаратын салу жұмыстары басталып кетті.
Ал ауданды көркейту жұмыстарына келсек, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жыл соңына дейін аулалар мен скверлерді жаңарту жұмыстары аяқталуы тиіс. Соған сәйкес, №7, №12 ықшам аудандардағы аула аумақтарын күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылда да жалғасатындығы айтылды. Ал биылғы жылдың соңына дейін №9, №11 шағын аудандардағы 30 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп белгіленді.
Сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша барлық 23 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ 17 қоғамдық кеңістік пен 4 шағын ауданда жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылып, екі автоматты суару жүйесі орнатылды. Скверлерді жаңарту жұмыстарына келсек, Ақсай шағын ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жоба бойынша төтенше жағдай жұмыстарын сақтау барысында су бастауын, 4 учаскені жою жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы жыл басында-ақ 44 км 67 көшенің арық желісін қайта құру жұмыстары басталып кетті.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Оның түсіндіруінше, биыл Әуезов ауданында 20 көшенің жолы жөнделді. Одан бөлек, ауданда ұзындығы 24,5 км болатын 22 көше мен өтпе жолдарға орташа жұмыстар жүргізілу үстінде. Алдағы уақытта, яғни жыл соңына дейін Навои мен Саин көшелерінің жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ Саин көшесінің Батыс, Қабдолов көшесінің оңтүстік бағытында екі аялдама салынады. 2023 жылы Өтеген батыр көшесінің батыс жағы мен Төле би көшесінің оңтүстік-солтүстік жағы, Отар көшесінің бұрышында қосымша 3 аялдама орнатылады деп жоспарлануда.