Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:53, 27 Қазан 2022

Алматыда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

None
None

«Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» жобасы аясында биыл көптеген жұмыстар атқарылған болатын.

Жоба аясында жұмыстардың жалғасы ретінде алдағы уақытта Алматы қаласын абаттандыруға қатысты жұмыстар жасалынып келеді.

Атап айтсақ, Алматы қаласының Әуезов ауданында 25 жоба іске асырылып келеді. Қашанда қоршаған ортаның тазалығы, табиғаттың ластанбауы қай қала болсын бі рінші орындағы мәселе. Сол себептен, Әуезов ауданында абаттандырылған нысандарға келетін болсақ, 25 жоба іске асырылды. Олардың №3, Ақсай, Мамыр, Тастақ ықшам аудандарында он бір жаяу жүргішілер аумағы мен №1, №3, №7, №8, №11, Мамыр-3, Достық ықшам аудандарындағы 8 аймақта абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ал скверлерді жөндеу жұмыстары Ақсай-2 ықшам ауданында жүзеге асты. Сондай-ақ №4, №6, №7 шағын аудандарында екі автосуару жүйесі мен үш жердің көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық драйвері» жобасы арқылы қала аумағының сапасы мен жайлылығын арттыру үшін жасалынған жағдайларды жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып отыр.

Қаланы дамытуға, таза ұстауға тұрғындар да атсалысып келеді. Мәселен, Республика күніне орай еріктілер мен жастар ұйымының бірлесуімен, 2331 адам «Таза табиғат» акциясын өткізді. Акция барысында Алматының барлық ауданында тазарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде екі жүз жетпіс бір  тонна қоқыс шығарылып, 2 мың төрт жүз алпыс көшет отырғызылды.

Сондай-ақ шаһардағы су басатын орындарды жою мәселесі де қолға алына бастады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуінде жауын-шашынның салдарынан су басуға бейім елу алты аумақтың бар екеніне тоқтала отырып, су басатын орындар түбімен жойылып, су өтетін арықтардың тазартылуы жөнінде айтқан болатын.

— Жылдың соңына дейін су басатын 56 учаске жойылып, 12 коллектор қалпына келтірілетін болады. Сондай-ақ 75 километр арық желісі жаңартылады. Жүйелі шара барысында нөсер канализациялары, яғни коллектор, каналдар, су тоғандары бірыңғай оператор – Eco Almaty жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне беріледі, – дейді шаһар басшысы Ерболат Досаев.

Жауын-шашыннан бөлек, су басудың тағы бір себебі – су ағызу құбырлары диаметрлерінің су ағындарының күшіне төтеп бере алмауынан туындап отыр. Бұл мәселеге қатысты Электр энергиясы, жылу қауымдастығы орталығының басшысы Серік Әділбаев: «Алматы қаласында 500 милиметр су ағызу құбырлары пайдаланылады. Сол себептен су көлемін игере алмайды. Бұл мәселені шешу үшін диаметрі 1м құрайтын құбырлар орнатылуда. Алдағы уақытта су ағызу құбырларының өткізу қабілеті екі есеге артады», – деп пікір білдірді.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, бүгінгі күні су басатын 25 аумақтың жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Әуезов ауданындағы бір канал мен Жетісу, Алатау аудандарындағы төрт коллектор жөнделді. Ал жыл соңына дейін қалған отыз бір су басатын орын жойылып, сегіз коллектор мен үш арнаның жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланды.

Тегтер: