Алматыда «Әлем барысы» басталды

02.12.2019, 18:49

3

Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР ТұңғышПрезиденті күніне орайластырылған Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлемчемпионаты басталды.

Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліпжатқан чемпионаттың дәл қазіргі уақытта жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр.Төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысып жатыр. «Әлем барысы»атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран,Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия,Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан,Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің жәнеҚазақстанның атақты балуандары келген.

Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлемчемпионатының ашылу салтанатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі ДәуренАбаев қатысты.

«Бүгінгі жалауын көтеріп отырған «Әлем барысы»абсолюттік әлем чемпионатына қош келдіңіздер! «Әлем барысы» қазақ күресіннасихаттауда өзіндік орны бар маңызды шара. Чемпионатын халықаралық деңгейдеөзінің жоғары бағасын алды. Оған қоса бұл шара ұлттық өнеріміз — қазақ күресінОлимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі. ҚР ТұңғышПрезидентінің күніне орай ұйымдастырылған дүбірлі дода мәдени мұрамыздыдамытуға, қазақ күресін одан ары жетілдіріп, халықаралық деңгейде насихаттауға,қазақ күресінен «Әлем барысын» анықтауға арналады», — деді Дәурен Абаев.Сонымен қатар министр ұлттық күрестен осындай керемет добасын ұйымдастырыпотырған Алматы қаласының әкімдігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінешынайы ризашылығын білдірді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13