09:54, 10 Мамыр 2022
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 10 мамыр, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Алматы қаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.