Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

14.01.2020, 21:00

48

14 қаңтарға қараған түні Алматы — Бішкек трассасында автобус жол апатына ұшырап, үш адам зардап шекті деп хабарлады облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews сайты. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан. Жүргізушілердің бірі көлікті басқара алмай қарсы жолаққа өткен деген болжам бар.

Апаттан зардап шеккен Жамбыл облысының үш тұрғыны Жамбыл облыстық ауруханасына жатқызылған. Олар жеңіл көлікте отырған. Полиция дерегінше, автобуста жолаушылар болмаған. Полиция оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Ауа райын болжаушылар дүйсенбі күні бірқатар облыстарда тұман түсіп, жолдың тайғақ болатынын хабарлады.

Еуродақ статистикасы бойынша, Қазақстан әлемдегі жол апаты ең көп болатын бес елдің қатарына кіреді. Көлік апаттарының негізгі себебі ретінде жол ережесін сақтамау және жол сапасының нашарлығы аталады.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44