11:29, 29 Сәуір 2021
Алматыда барахолка өртеніп жатыр
Алматыда барахолка базарларының бірінде тағы өрт шықты.
Бұл жолы барахолканың солтүстік бөлігінде орналасқан «Кенжехан» базары өртеніп жатыр.
Өрттің кадрлары әлеуметтік желілерде жарияланды. Болжам бойынша, өрт 29 сәуірде таңертең сағат 09.30 шамасында басталған.
ТЖД мәліметінше, құтқарушылар тоғыз минут ішінде өртті ауыздықтады. Қазір ол сөндіріліп жатыр.
Еске салайық, соңғы рет Алматы барахолкасында өрт 19 наурызда болған. Ол кезде «Байсат» базарындағы контейнер өртенген.