Алматыда Барыс-4 базары қайтадан карантинге жабылды

28.04.2020, 15:04

20

28 сәуірде Алматы әкімдігі «Барыс-4» базарын санитарлық талапқа сай емес деп қайта жапты. Базар саудагерлерінің сөзінше, 26-27 сәуірде базарда сауда орындары ашылып, басшылық жалдау ақысын төлеткен.

«Барыс-4» базарының сатушылары 28 сәуірде жұмысқа келгенде базардың барлық қақпасы жабылған. Базар әкімшілігінің алдына жиналған жүз шақты адам сауда жасауға рұқсат беруді сұраған, «контейнерді жалдау ақысын төлеп қойғанын» айтқан.

— Сенбі-жексенбі күні ашылып, жұмыс істей бастады. Бәрінен жалдау ақысын жинады, бүгін қайта жауып тастады. Сәуірде үш аптадай жұмыс істемедік, — дейді базарда жұмыс істейтіндер.

Жиналғандармен сөйлесуге келген Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев базардың санитарлық талапқа сай емесін айтып, карантин аяқталғанша шыдай тұруға шақырған. Торғаев сатушыларға «жалдау ақысына байланысты мәселені базар басшылығы шешеді» деген.

Базар айналасына полиция көліктері келіп, қақпаларына әскери күзет қойылған, базар аумағына әскери техника кіргізілген.

Саудагерлер мәселесі қалай шешілетінін сұрау үшін келген Азаттық тілшілерін күзетшілер маңайлатпауға тырысты. Тілшімен дөрекі сөйлескен базар өкілі камераны жауып, микрофон мен телефонды тартып алмақ болды.

Телефон арқылы жауап берген «Барыс-4» базарының заңгері Самат Нұршабаев «саудагерлер төлеген жалдау ақысы ешқайда кетпейді» деді.

— Жалдау ақысы бойынша әркімнің өз бақылаушысы бар. Егер жалдау ақысы төленсе, келесі айға ауысады,-деді ол.

«Барыс-4» — Алматы қаласынан Бішкек қаласына қарай шыға берістегі азық-түлік сататын ірі базарлардың бірі.

Алматыда 19 наурызда карантин енгізілгеннен кейін базарлардың азық-түлік бөлімдері жұмыс істей беретіні хабарланған. Алайда сәуірдің басында қала билігі базардың көбі санитарлық талапқа сай келмейді деп жұмысын тоқтатқан.

27 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылатынын мәлімдеді. Бұл мәлімемеде карантин аяқталғанша сауда, ойын-сауық орталықтары мен халық көп жиналатын жерлер ашылмайтыны айтылған.

Қазақстанда 28 сәуір күнгі мәлімет бойынша 2982 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған (Алматыда — 909). Оның 754-і сауығып, 25-і қайтыс болған.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52