Алматыда белсенді Әсия Төлесова жалғыз адамдық пикет өткізді

26.07.2019, 15:00

14

Алматылық белсенді Әсия Төлесова 25 шілдеде кешке бір адамдық пикет өткізді. Ол қолына «Жемқорлыққа жол жоқ. Саяси тұтқындарға бостандық» («Нет коррупции. Свободу политзаключенным») деген жазуы бар плакат ұстап шыққан. Бұл туралы 25 шілдеде Vlast.kz басылымы хабарлады.

Ол бұл шараны елде саяси тұтқын ретінде танылған Мұхтар Жәкішевкебостандық сұрап, бір адамдық пикет өткізген тәуелсіз журналист, құқық қорғаушы Сергей Дувановқа арнайтынын айтқан.

«Бұл пикетті Сергей Дувановқа арнаймын, себебі ол да саяси тұтқын. Еліміз үшін көп нәрсе жасады. Адамдарды түрмеге отырғыза беретін бұл неткен жемқор жүйе еді» деген Төлесова.

Белсенді «ел болашағы үшін қорықпай күресу» қажеттігін айтып, "өзгелерді пикетке шыққандарды қолдауға" шақырған.

Төлесованың акциясы шамамен 20 минутқа созылған. Ары-бері өткен қала тұрғындары одан саяси тұтқындар жайлы сұраған. Vlast.kz жазуынша, оқиға орнында полицейлер болмаған.

25 шілдеде дәл осының алдында Алматыдағы Тәуелсіздік алаңында кешкі сағат 17.00 шамасында құқық қорғаушы, журналист Сергей Дуванов "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке шыққан сот шешімінайыптап, жалғыз адамдық пикет өткізген еді. 24 шілдеде Семей соты Мұхтар Жәкішевтің «мемлекетке 99 миллиард теңгеден астам қарызы барын» айтып, оны ерте босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған.

Шамамен 15 минутқа созылған наразылық шарасы кезінде «Жәкішевке бостандық!» деген жазуы бар плакат ұстаған Дуванов Семей сотының шешімін әділетсіз деп бағалаған.

2002 жылы Сергей Дуванов сол кезде жаңадан басталған "Қазақгейт" ісі туралы алғаш мақала жазғандардың бірі еді. Сол жылы билік оны «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысына тиді» деп айыптады. Бір айдан кейін Сергей Дувановты Алматыдағы үйінің кіре берісінде біреулер аяусыз ұрып-соғып, пышақтап кетті. Арада тағы бір ай өткенде ол «кәмелетке толмаған қызды зорлады» деген айып бойынша қамауға алынып, 2003 жылы қаңтарда үш жарым жылға сотталды. Ол жазасының көп бөлігін түрмеде өтеді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар мен оппозициялық топтар Сергей Дувановты "әдейі арандатты" деп мәлімдеп, бұл іске билікті кінәлап, оны саяси тұтқын деп таныған.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57