Алматыда белсенді шетел көліктерін жеңілдікпен тіркеуді талап етті

21.02.2020, 23:13

10

Жұма, 21 ақпанда Алматыда белсенді Асхат Берсәлімов биліктен шетел көліктерін тіркеуге жеңілдік жасап, автомашина құнынан асып кететін утилизация алымын азайтуды талап етіп, жалғыз адамдық пикет өткізді. Республика алаңындағы тұраққа көлігін қойған белсенді оның терезесіне «Еуразия экономикалық одағы аумағында көліктер еркін қатынасын!», «18-өңір дегенге қарсымыз! Біз шетел азаматы емеспіз» деп жазылған плакаттар іліп қойды.

Берсәлімов «билік талап етіп отырған төлемдерді өтеуге шамамыз жетпейді» дейді.

— 3,5 миллион теңге тұратын көлігімді тіркеу үшін «үстінен тағы 5 миллион теңге төлейсің» деп отыр. Адамдар шетелдік көлікті мұнда жетіскеннен әкелген жоқ. Сонша ақшасы болса, осы жақтан жаңа көлік алмай ма? Айдалған көліктерді мыңдаған шақырымнан алып келген адамдарға енді билік еркін жүруге мүмкіндік бермей жатыр, — деді ол пикет кезінде.

Армениядан көлік әкелген бір топ азамат (арасында Асхат Берсәлімов те бар) бір апта бұрын яғни, 14 ақпанда Нұр-Сұлтандағы қалалық полиция департаментіне жиналып, биліктен көліктерін жеңілдікпен тіркеуді талап еткен. 30 шақты жүргізушімен ішкі істер министрлігі, ұлттық экономика және қаржы министрлігі өкілдері кездескен. Алматыдағы алаңда белсенді бұл кездесудің нәтижесіне разы емесін айтты.

— Бізді парламент сенаты қабылдайды деп ойлап едік. Бірақ қабылдаған жоқ. Полиция департаментіндегі акт залына кіргізіп, бірде-бір тілшіні өткізбей, ұялы телефонға түсіруге рұқсат еткен жоқ. Онда да түсіндіру жұмысын жүргізді. Бізге ештеңені түсіндірудің қажеті жоқ. Бізде көлігімізді тіркейтін мүмкіндік жоқ, — дейді Берсәлімов.

Белсенді Асхат Берсәлімовтің жалғыз адамдық пикетін бақылап тұрған полицейлер мен белгісіз азаматтар. Алматы, 21 ақпан 2020. /> Белсенді Асхат Берсәлімовтің жалғыз адамдық пикетін бақылап тұрған полицейлер мен белгісіз азаматтар. Алматы, 21 ақпан 2020.

Белсенді пикет өткізіп тұрған маңға шамалы уақыттан соң полиция мен аты-жөнін айтпаған бірнеше азамат келді. Берсәлімов пен талаптары жазылған плакатын түсіргендердің бірі өзін «ішкі саясат басқармасының қызметкерімін» деп таныстырды. Бірақ түсініктеме берген жоқ.

Жарты сағаттан соң белсенді плакаттарын жиып, үйіне қайтты.

Армения, Қырғызстан мен Ресейден көлік алғандардың наразылығына ішкі істер министрлігі биыл қаңтарда «Қазақстан аумағына кірген үш елдің тіркеу нөмірі бар көліктерді заңға сай тіркеу керек» деген мәлімдемесі түрткі болған. Билік Қазақстанда тіркелмеген шетелдік көліктер заң бұзса, жазадан құтылып кетеді деп санайды.

Қаңтар айының ортасынан бастап Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жаңаөзен,Орал, Петропавл және Семей қалаларында автожүргізушілер жиналып, көлікті тіркеудің шығыны тым көп екенін айтып, үкіметтен автомашиналарын жеңілдікпен әрі арзан жолмен тіркеуге мүмкіндік беруді талап етті. Олар тұрақты тіркеу құны көлік бағасынан асып кететінін айтып, тіркеуді жеңілдетуді талап етті.

24 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмірі бар көліктердің мәселесін шешу үшін оларды 2021 жылдың 1 наурызына дейін уақытша тіркеуді тапсырды. Президент мұндай көлігі бар адамдар 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік баж салығы мен утилизация алымын төлеп, көлікті тұрақты тіркеуден өткізуі қажет немесе көлікті Қазақстан аумағынан шығаруы тиіс немесе заңмен тыйым салынбаған басқа әрекетті жүзеге асыруы тиіс деген.

Мұнан соң билік шетелдік көліктерді 2021 жылдың наурызына дейін «уақытша тіркейтін» айтып, оларға «18» өңір кодымен нөмір берілетінін хабарлады. Көлік иелері мұның Конституцияға қайшы екенін айтады. Қазақстан – 17 аумақтық бірліктен: 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан тұратын унитарлы мемлекет.

Бірақ жүргізушілер биліктің қаңтар соңында айтқан бұл ұсынысына қарсылық білдіріп, көліктерін тұрақты тіркеуді талап еткен.

Оқи отырыңыз: «Сары нөмір алмаймыз!». Қазақстанның бірнеше қаласында жүргізушілер наразылық танытты

Жүргізушілер утилизация алымы тым қымбат дейді. Экология кодексіне сәйкес, утилизация алымы жеңіл көліктерге 900 мың теңгеден 3 миллион теңгеге дейін, ал жүк көліктеріне 20 миллион теңгеге дейін жетеді.

Қарай отырыңыз: Шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін қалай шешу керек? (22 қаңтар 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін қалай шешу керек?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін қалай шешу керек? please wait <video poster=«gdb.rferl.org/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/01/2/2a/2a6a5b74-3ecd-4a94-971c-3f6688f994c5_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30390939&SiteId=5&r=526819949&it=0&pd=20200122093700» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін қалай шешу керек?»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін қалай шешу керек?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30390939.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00 Жүктеп алу
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27