Алматыда белсенділер Ағаділдің өлімін ашық әрі әділ зерттеуді талап етіп, прокуратураға келді

26.02.2020, 21:28

3

26 ақпанда түстен кейін Алматыда ондаған белсенді қалалық прокуратура ғимаратының маңына жиналып, белсенді Дулат Ағаділдің өлімін ашық әрі әділ зерттеуді талап етті. Арнайы жасақ өкілдері аумақты қоршады.

Белсенділердің негізгі талаптары — Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған Дулат Ағаділдің өлімін ашық әрі әділ зерттеу, «Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыпталып, қамалған белсенділерді босату. Олардың есебінше, қазір Алматыдағы Лобачевский көшесіндегі әкімшілік жазаға тартылғандарды қамау орталығында 18 адам отыр. Аймақта бірнеше белсенді қамауда отыр. Олар 22 ақпанда және оның алдында ұсталған.

Прокуратура алдына жиналғандар «Ағаділдің өлімін зерттейтін қоғамдық комиссия құрылсын, оған қоғам белсенділері кірсін» деген талап та қойды.

Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратты:

Белсенділердің бір бөлігі прокуратура ғимаратына кіріп, қала прокурорының шығуын талап етті. Бірақ баспасөз қызметінің өкілі Бағбан Кенесары заңға сәйкес, Ағаділдің өліміне байланысты іс Нұр-Сұлтан аумағында зерттелетінін айтты. Ол 25 ақпанда прокуратураға шағымдандған белсенділердің арызын тіркегенін, қаралып жатқанын хабарлады. Ал белсенділер қала прокурорының шығып, халық шағымын тыңдауы қажеттігін айтты. Олар шамамен кешкі сағат 17.30-ға дейін тарамады. Бірақ қала прокурорымен кездесе алмады.

Полиция үйінен күштеп әкеткен белсенді 43 жастағы Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтанның тергеу абақтысында қайтыс болғаны туралы хабар ақпанның 25-і күні түстен кейін белгілі болған. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің алдын ала дерегі бойынша, белсенді Ағаділ «жүрек талмасынан» көз жұмған. Белсенділер мен Ағаділдің таныстары оның жүрегі ауырмағанын айтады.

Ағаділдің қазасынан соң Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде белсенділер полиция департаментіне жиналып, Ағаділдің жүрек талмасынан қаза болды дегенге күмән келтірді. Олар бұл жағдайға қазіргі билік жауапты деп, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрcұлтан Назарбаевтың және сенат спикері Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін және үкіметтің тарауын талап етті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34