Алматыда бір адамнан коронавирус табылды

30.03.2020, 02:59

3

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз сағат 00.50-дегі дерегі бойынша, Алматыда бір адамнан коронавирус анықталған.

Елде барлығы 229 адамнан вирус табылған. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан — 13, Алматы — 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда 28 наурыз 22:00-ге дейін 78 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Бұған дейін елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.

Вирус жұқтырған 229 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда — 135 адам
  • Алматыда — 60 адам
  • Қарағандыда — 7 адам
  • Ақмола облысында — 6 адам
  • Атырау облысында — 5 адам
  • Алматы облысында — 4 адам
  • Жамбыл облысында — 3 адам
  • Шымкентте — 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
  • Ақтөбе облысында — 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам
  • Павлодар облысында — 1 адам
  • Маңғыстау облысында — 1 адам
  • Қызылорда облысында — 1 адам.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04