Алматыда бір күнде үшінші адам Covid-19 дертіне шалдықты

24.03.2020, 00:07

11

Алматы қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 22 наурыз 23.50-де Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сонымен, 22 наурызда Қазақстанда алты адам дертке шалдыққаны белгілі болды. Алматыда үш адам, Нұр-Сұлтанда екі адам, Ақтөбе облысында бір адамжұқтырған.

Қазір Қазақстанда барлығы 60 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда — 31 адам, Алматы қаласында — 25 адам, Қарағанды қаласында — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам коронавирус жұқтырды.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Карантин режимі кезінде қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар тұтынушыға ас-суды үйіне жеткізіп береді. 22 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына темір жол және ішкі рейстер тоқтады.

22 наурыздағы дерекке сай, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан, қаза тапқандар 13 мыңнан асып кетті. 93 мыңдай адам дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын «пандемия» деп жариялаған.

Коронавирус бойынша Қазақстандағы және әлемдегі жағдай жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16