18.05.2020, 17:38
30
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 18 мамырдағы мәліметіне сай, Алматыда 1961 жылы туған әйел адам COVID-19 дертінен қайтыс болды.
Министрлік жанындағы өлім-жітімді зерттейтін арнайы комиссия тұрғынның өліміне «коронавирус инфекциясы себеп болған» деген шешім қабылдаған. Министрлік марқұм жайлы басқа деректерді жарияламады.
Коронавирустан Алматы қаласында осымен он адам қайтыс болды. Алматы қаласы вирус жұқтырғандар (1848), емделіп шыққандар (930) және қайтыс болғандар саны бойынша алдыңғы орында тұр.
Ал елде вриустан барлығы 35 адам көз жұмды. 6440 адам вирус жұқтырды. 3469 адам емделіп шықты.
Вирустан көз жұмған 35 адам мына аймақтарда:
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР