Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:05, 06 Наурыз 2023

Алматыда бірқатар сауда алаңы мен кафе сүріледі

None
None

Алматыда сот шешімімен Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы мемлекеттік қордың жерінде орналасқан бірнеше сауда алаңдары мен жазғы кафелер сүрілетін болды, — деп хабарлайды  қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл учаскені кәсіпкер жалға алу құқығында үш жыл мерзімге иеленген. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен жасаудан бас тартты. Сондықтан Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінді.

«Нәтижесінде, 2021 жылғы 15 қыркүйекте мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған нысандарды сүріп, учаскені жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге апелляциялық сотта үшінші тарап наразылық білдірді. Осы талап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қарауынсыз қалдырылды және бірінші сатыдағы соттың шешімі ұзақ сот талқылауларынан кейін заңды күшіне енді», — делінген хабарламада.

Тегтер: